Павлодар облысында сайлау күні 1500-ден астам тәуелсіз бақылаушы қызмет етеді

Павлодар облысында сайлау күні 1500-ден астам тәуелсіз бақылаушы қызмет етеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар арнайы  оқудан өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіровке аймақтағы сайлау учаскелерінің дайындығы, кадрлардың әлеуетті таныстырылды.

Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Наталья Нефедованың айтуынша, облыстағы комиссия мүшелігіне өткендердің басым бөлігі тәжірибелі мамандар.

- Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 3439 мүшесінің 94%-ы сайлау өткізуде тәжірибесі бар. Барлық 14 аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары мен 14 хатшысы бұрын да сайлау өткізу жұмыстарына қатысқан, - деді ол.

Референдумдағы бақылауды ұйымдастыру бойынша облыста тәуелсіз бақылаушылар тобы жұмыс істейді. Олардың барлығы арнайы оқудан өткен. Ашық 500 учаскеде олардың қатарынан 1516 тәуелсіз бақылаушыдан тұратын пул қалыптастырылған. Сонымен қатар халықтық штабтардан, қалалар мен аудандардан тағы 1500 бақылаушы тартылған.

Баяндамашының айтуынша, қазіргі уақытта бақылаушылар каскадтық жүйе бойынша оқытылуда. Яғни алдымен капитандар дайындықтан өтеді. Кейін капитандар өз топтарын, ал топ ішінде алғаш рет бақылаушы ретінде қатысатын адамдарды қосымша оқытылады.

Биыл оқыту 13 наурызды қоса алғанда әлі де жалғасуда. Оқыту үш кезеңнен тұрады. Яғни, қалалар мен аудандарға барып оқыту, Zoom арқылы консультациялар өткізу және қайтадан жергілікті жерлерде оқыту.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында 500-ден астам сайлау учаскесі құрылды.