Павлодар облысында сервистік орталықтардың жұмыс кестесі өзгерді

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мерекелік демалысқа байланысты жаңа кестені жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 мамыр мерекесіне байланысты сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттерінің жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізілді.
1 мамыр күні барлық орталықтар жұмыс істемейді. 2 мамыр, жұма күні, сервистік бөлімдер қалыпты режимде толық жұмыс істейтін болады. 3 мамыр, сенбі күні, кейбір бөлімдер қысқартылған жұмыс кестесімен қызмет көрсетеді.
Павлодар қаласында Кривенко көшесі, 27 және Ломов көшесі, 160 мекенжайындағы орталықтар сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін жұмыс істейді. Ал Академик Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайындағы бөлімше 9:00-ден 13:45-ке дейін қызмет көрсетеді.
Ақсу қаласында Вокзал көшесі, 11 және Камзин көшесі, 33 мекенжайларындағы бөлімдер 9:00-ден 14:00-ге дейін ашық болады.
Компания тұрғындарға өз уақыттарын алдын ала жоспарлап, көрсетілген кестеге сәйкес жүгінуге кеңес береді.