Павлодар облысында шілденің ортасында ауа температурасы 30 градустан асады

Павлодар облысында шілденің ортасында ауа температурасы 30 градустан асады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 15 шілдеде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады. Сынап бағанасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +22...+27°С-ты көрсетеді. 

16 шілдеде жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі. 

17 шілдеде де жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз қатты ыстық +31...+36°С, облыстың солтүстігінде +26°С көрсетеді. 

18 шілдеде түнде облыстың солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +28...+33°С, облыстың солтүстігінде +25°С-қа дейін жылынады. 

Сенбіде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жауады. Сынап бағанасы +15...+20°С, ал күндіз +23...+28°С-ты көрсетеді. 

Жексенбіде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +19...+24°С болады.