Павлодарлық ұстаз: Президент Жолдауы ел дамуына жаңа серпін береді

Павлодарлық ұстаз: Президент Жолдауы  ел дамуына жаңа серпін береді
Фото: aqorda_resmi

Ардагер Мемлекет басшысының «Жер иесіз қалмауға тиіс, жерді тек қана оның қадірін білетін азаматтарға беру керек» деген сөзін ерекше қабылдады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы қоғамда кеңінен талқылануда. Әлеуметтік саладан бастап, экономикалық даму мен экологияға дейінгі маңызды мәселелер қамтылған Жолдауға ардагер ұстаз, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, білім беру саласында еңбек еткен Нұршат Нұрғалиева өз көзқарасын білдірді.

– Президенттің әрбір Жолдауында өзгерістер байқалып отырады. Ал биылғы Жолдаудың негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Әсіресе, игерілмей бос жатқан және заңсыз алынған ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару туралы тапсырмасы халықтың игілігі үшін өте дұрыс шешім, – дейді ардагер ұстаз.

Нұршат Нұрғалиеваның айтуынша, Жолдауда білім беру ісіне ерекше көңіл бөлінген.

– Жастардың сапалы білім алуы болашақ Қазақстанның дамуы үшін аса маңызды. Жаңа мектептер салынып жатыр. Мысалы, Павлодардағы Алюминстрой ықшам ауданында да жаңа мектеп ашылды. Мұндай заманауи білім ошақтарының көбеюі – уақыт талабы. Балаларды жаңа технологиялармен оқытып қана қоймай, олардың тәрбиесіне де ерекше назар аудару қажет, – деді ол

Ұстаз экология мәселесіне де тоқталды.

– Жердің астындағы байлығымызды да, үстіндегі суымызды да үнемдеп, халықтың игілігі үшін ұстауымыз керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жастардың белсенділігі қуантады. Қанша ағаш отырғызылып, елді жасылдандыру жұмыстарына оқушылар мен студенттер белсене қатысуда. Бұл – нағыз патриотизмнің көрінісі, – деді ардагер.

Нұршат Нұрғалиева өз сөзінде, болашақтың кілті – жастардың қолында екенін ерекше атап өтті. Ал қазір еліміздің дамуына үлес қосатын білімді, тәрбиелі, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Президент Жолдауы осы бағыттағы жұмыстарға серпін берді