Павлодар облысында шетелдіктер наубайшы болып заңсыз жұмыс істеген

Павлодар облысында шетелдіктер наубайшы болып заңсыз жұмыс істеген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

252 шетелдік қылмыскер жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның қорытындысы бойынша құқықтық тәртіп сақшылары 252 азаматты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 177-сі шетелдік азамат болса, 174-ті ТМД және 3-і алыс шетел азаматы ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін және 75-і Қазақстан Республикасының азаматы болды.

–        31 шетелдікті, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 6 шетелдікті елден шығару туралы шешім қабылданды, – деп түсіндірді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Бұдан басқа, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланудың 25 фактісі анықталды.

Мәселен, Павлодар қаласында Уральскаякөшесінде полиция қызметкерлері наубайшы ретінде еңбек қызметін жүзеге асырған көрші мемлекеттің үш азаматын анықтады. Барлық фактілер бойынша шетелдіктерді жұмысқа заңсыз жалдаған жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер елдің көші-қон заңнамасын бұзбауды сұрайды.