Екібастұзда жас саясаткер мектебі ашылды

Жаңа ұйым «AMANAT» партиясы қалалық филиалының кеңсесінде орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз студенттері мен «Достық үйі» жастар қанатының мүшелеріне көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамытуға көмектеседі.
Іс-шараның спикерлері қаланың Құрметті азаматы, партия ардагері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов, «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Мариям Мәлікова, қалалық мәслихат депутаты, №21 ресурстық орталықтың басшысы, «Екібастұз» балалар қорының директоры Татьяна Шмидт, Екібастұз қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әлібек Байділдин, жастар мәслихатының депутаты, «Легион 14» жасағының еріктісі Алуа Болат болды.
Кездесуге қатысушылар өздерінің саяси және қоғамдық өмірдегі тәжірибелері, кәсіби қызмет пен отбасын қалай біріктіру керектігі, депутат, мемлекеттік қызметші қандай болуы керек деп ойлайтыны туралы айтып берді. Өз өмірін мемлекеттік қызметпен және саясатпен байланыстырғысы келетін жастарға кеңестер ұсынды.
Жастар әртүрлі қызмет салаларындағы спикерлердің пікірлерін тыңдауға қызығушылық танытты.
Жүздесу соңында қатысушылар азаматтық белсенділіктің маңыздылығын, жастардың саясаттағы рөлін, тиімді сөз сөйлеу жөніндегі кеңестерді талқылады және заңнаманы – ҚР Конституциясын және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңды білуге арналған викторинаға қатысты.