Павлодар облысында шілде айында 40 градус ыстық күтілуде

Синоптиктер жаз мезгілінің екінші айына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидрмет» РМК-ның мәліметінше, бір айдағы орташа ауа температурасы + 19,7...+ 21,3 °С шамасында күтіледі, бұл нормаға жақын (норма: +20,1...+ 21,7 °С).
Шілденің басында ауа температурасының түнде +8...+13°С-тан +18...+23°С-қа дейін, күндіз +20...+25°С-тан +30...+35°С-қа дейін, облыстың оңтүстігінде +38°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Екінші онкүндікте сынап бағанасы түнде +15...+20°С-тан +8...+13°С-қа дейін, күндіз +25...+30°С-тан +20...+25°С-қа дейін көтеріледі.
Айдың соңында ауа температурасының түнде +8...+13°С-қа дейін, күндіз +18...+23°С-қа дейін түсуі болжанады. Ал онкүндіктің екінші жартысында сынап бағанасы түнде +18...+23°С-қа дейін, күндіз +32....+37°С-ты көрсетеді деп болжануда.
Бір айда жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде (норма: 48-75 мм).
Ай ішінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күркіреп, секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.