Павлодар облысында сыраның «мөлдірлігі» үшін күрес басталды
Жаңа талап әлдеқашан күшіне енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салық әкімшілігі бөлімінің басшысы Ерсін Харифоллин сыра мен сыра негізіндегі сусындарға міндетті түрде таңбалау енгізілетінін хабарлады.
- Кегалар мен бөтелкелердегі сыраны міндетті түрде таңбалау 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап, алюминий банкалар үшін 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. Тек осы күндерден кейін өндірілген өнімдер ғана таңбаланады. Ескі сыра қорын бір жыл ішінде сатуға болады, - деді Ерсін Харифоллин.
Бұл отандық және импорттық сыраға да қатысты. Департамент ақпан айының соңында алкогольді сусындар сатушылармен аталмыш талапты қайтадан пысықтауды жоспарлап отыр. Салық органдары кездесудің уақыты мен орнын кейінірек жариялайды.
Сыра таңбалауы, соның ішінде Data Matrix кодтарын қолдану және өнімді бақылау жалған көлеңкелі бизнеспен күресу, салық жинауды жақсарту және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылуда. Мақсат – тұтынушыларды қорғау, өндірістен бастап бөлшек сауда түбіртегіне дейінгі бүкіл жеткізу тізбегін бақылау және әділ бәсекелестікті дамыту.
Қосымша ақпарат алу үшін 88000806565 техникалық қолдау қызметіне немесе +77088253272 Telegram нөміріне хабарласуға болады.