Павлодар облысында STEAM-білім беру бойынша үздік педагогтер анықталды

Конкурстың мақсаты – STEAM элементтерін қолданатын үздік педагогтерді анықтап, олардың тәжірибесін тарату, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен II облыстық STEAM-білім беру байқауы өтті.
Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді: STEAM сабағын әзірлеу, кадрдағы STEAM, STEAM-жоба және сабақтарда STEAM қолдану бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу. Биылғы конкурсқа облыстың түрлі білім беру ұйымдарынан 22 педагог қатысты.
«STEAM сабағын әзірлеу» бағыты бойынша екінші дәрежелі диплом қалалық №17 сәбилер бақшасының педагог-психологі Светлана Атласевич пен Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия мұғалімі Гүлмира Байбековаға табысталды. Үшінші орынға Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Гүлжан Сыздықова және «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Аида Садетова ие болды.
«Сабақтарда STEAM қолдану бойынша оқу-әдістемелік кешен» бағытында екінші орын М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Гүлмайдан Сүлейменоваға бұйырды. Үшінші орынды «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Нұржан Кафизов пен Абай атындағы гимназия мұғалімі Жанат Байдәулетова иеленді.
«Кадрдағы STEAM» бағыты бойынша үшінші орын М. Әуезов атындағы мектеп мұғалімдері Арайлым Асқарбек пен Аяулым Сайфуллинаға берілді.
«STEAM-жоба» бағыты бойынша бірінші орынды Ақсу қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Бибігүл Атик пен 10-сынып оқушылары Еркежан Ертайқызы мен Мөлдір Мақсұт жеңіп алды. Екінші орынды Баянауыл ауданындағы №2 Майқайың мектебінің мұғалімі Минура Тыныбек пен 5-сынып оқушылары Медина Тыныбек пен Жания Қайролла, сондай-ақ Абай атындағы гимназиядан Айнұр Қанапина мен 8 және 9-сынып оқушылары Кемел Қанатбек, Кәусар Қайрат және Дана Сәрсенбай иеленді. Үшінші орынды Қабанбай батыр атындағы арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Қайырбекжұма Қасымов пен 9-сынып оқушылары Анар Абдыраева мен Әлия Набиева жеңіп алды.