Павлодар облысында суға кеткен адамдардың саны анықталды

Павлодар облысында суға кеткен адамдардың саны анықталды

Биыл жазатайым оқиғалар азайған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

     Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Олег Трещев айтты.

    –  Шомылу кезеңінің басынан төрт адам суға кеткен. Былтыр  шомылу маусымында сегіз адам көз жұмған еді. Барлық жазатайым оқиғалар шомылуға жабдықталмаған жерде орын алған,– дейді Олег Трещев.

     Оның сөзінше, ресми түрде төтенше жағдайлар департаментінің есебіне алынбаған жағдайлар да болған.  Тек жағажайлар, өзендер, көлдер суға кеткендер ғана ТЖД-де тіркеледі.

    –  Гидротехникалық қондырғылардың кесірінен, каналдар, жабық бассейндер сияқты аймақтарда суға кеткендер, ұңғымаға, құдыққа, тарату каналына құлағандар ТЖД-нің есебіне алынбайды ,– деді Олег Трещев.

    Маусым айынан бастап осындай 15 жағдай тіркелген, оның ішінде алты адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұған дейін құтқарушылар Тереңкөл ауданында әйел адамды судан екі рет аман алып қалған еді, үшінші рет оны құтқара алмады. Қазіргі таңда батып кеткен әйелдің денесін іздестіріп жатыр.

      Фото:Константин Шелков