Павлодарда жер үйдің шатыры өртке оранды

Павлодарда жер үйдің шатыры өртке оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуірде 00:55-те өрт сөндіру қызметінің пультіне Таллинская мекенжайы бойынша жеке тұрған үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

– Екі бөлмелі газоблок жер үйдің шатырының ағаш құралымдары 50 шаршы метр аумағында жанғаны анықталды,– деді департаментте. 

Тілсіз жау 01:31-де сөндірілді. Өрттің себебі мен залалы анықталып жатыр.