Павлодар облысында суармалы жерлер 50 мыңға жуық гектарға ұлғайды
Бұл - соңғы үш жылдағы көрсеткіш, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Мемлекет басшысының суармалы жерлер көлемін кезең-кезеңмен ұлғайту жөніндегі Жолдауын орындау мақсатында соңғы үш жылда облыста суару 48 мың гектарға ұлғайды. Дәлірек айтқанда, 2020 жылы – 24,6 мың гектарға, 2021 жылы – 10,3 мың гектарға, 2022 жылы 13,1 мың гектарға кеңейтілді. Бастапқыда 102,2 мың гектар болса, бүгінде 150,2 мың гетарға жеткен, – деді облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов.
Оның айтуынша, биыл облыста 17,5 мың га алқаптағы суармалы учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша тоғыз жоба іске асырылуда. «Ақжар Өндіріс» Агро фирмасы» ЖШС суару жобасы, ауданы 156 га пайдалануға берілді, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша үш жоба бойынша «Бастаушы Агро» ЖШС, «Лидер PVL» ШҚ» ЖШС, «KM Ertis Agro» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, іске қосу-реттеу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Level-2020» ЖШС жобасы бойынша АШТӨ өз қаражаты есебінен құрылыс аяқтаған. «Май Агро-М» ЖШС жобасы жұмысын бастады, «Жангөбек» ЖШС жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. «My feedlot» ЖШС жобасы бойынша-аяқталуы ағымдағы 2023 жылдың соңына дейін жоспарлануда. «ҚазСуШар» РМК жобасы бойынша Ертіс-Успен арнасы жобаны түзетуді талап етеді. Пайдалануға беру 2024 жылы жоспарланып отыр.
Облыста суармалы егіншілікті дамыту үшін бүгінгі күні 18,7 миллиард теңге сомаға жалпы ауданы 18,6 мың гектар суармалы учаскелерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өз қаражаты есебінен әзірленген 19 жоба бар.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында 16 жоба қаралды, оның ішінде алты жоба бойынша салалық оң қорытынды болған жағдайда АШМ ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияда қаралатын болады, 10 жоба бойынша бюджеттік өтінім ҚР ҰЭМ алдағы кезеңге қаржыландыруды қарауда, үш жоба жер пайдаланушылардың пысықтауында.