Павлодар облысында табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Павлодар облысында табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

20 маусым мен 30 маусым аралығында дауыл салдарын жоюға өтініштер қабылданады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өтініштер келесі нөмірлер бойынша қабылданады: 109, 112, 32-36-92. 

Коммуналдық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруда.

Табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйлердің тұрғындары) 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Көмек алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • ТЖБ анықтамасы (6 ай жарамды)
  • Мүлікке құқық белгілейтін құжаттар
  • Банктік шоттың болуы туралы хабарлама
  • Жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы)

Құжаттар Павлодар қаласы Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойынша Open Pavlodar фронт-офисінде (№ 3 үстел) қабылданады. 

Еске сала кетейік, сағат 16:10-дан 20:30-ға дейін екпіні секундына 28-ден 43 метрге дейін қатты жел болады. Тұрғындарға алдын ала қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескертумен смс-хабарламалар жіберілді. Апат салдарынан инфрақұрылым нысандарына көптеген зақым келтірілді: 297 ғимарат пен құрылыстың шатыры қирады, ағаштар жаппай құлады, электр желілерінің тіректері зақымдалды.