Павлодар облысында суда жоғалған екі адамның денесі табылды

Павлодар облысында суда жоғалған екі адамның денесі табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олардың біреуі – Ресей азаматы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 1 маусым күні Ертіс ауылының маңында, Ертіс өзенінің бір саласының жағалауынан құтқарушылар 1990 жылы туған әйелдің мәйітін судан алып шықты. Әйел 18 мамыр күні белгісіз жағдайларда суға батып кеткен болатын.

Сонымен қатар, Павлодар қаласында Ертіс өзенінен Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1990 жылы туған Ресей Федерациясының азаматының денесін судан шығарды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам 28 мамыр күні суға түсіп, батып кеткен.

Іздестіру жұмыстары ТЖД қызметкерлері мен өңір полициясы қызметкерлерінің бірлесуімен жүргізілді.

— ТЖД қызметкерлері су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізеді, оның ішінде полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар да бар. Ерекше назар тыйым салынған орындарда шомылу фактілерін анықтауға және демалушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аударылады, – делінген хабарламада.

Павлодар облысының ТЖД шомылу маусымы басталғалы бері судағы адам өлімінің негізгі себептері өзгермегенін айтады. Олар — шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау және алкогольдік күйде суға түсу.

Құтқарушылар өңір тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, алкогольдік күйде суға түспеуге, жабдықталмаған жерлерде шомылмауға және балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауға шақырады.