Павлодарда 200-ден астам тұрғын тегін құқықтық көмегін алды

Павлодарда 200-ден астам тұрғын тегін құқықтық көмегін алды

Павлодарда "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шара барысында павлодарлықтарға түрлі салалар бойынша 40-тан астам кәсіби заңгерлер кеңес берді. Олардың ішінде белгілі адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, прокурорлар, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар бар.

- Заңгер мамандығы бүкіл әлемде қоғамда ең құрметті және сұранысқа ие болып саналады. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз және әрбір азамат өз құқықтарын біліп, оларды қорғай білуі керек. Бүгінде тұрғындар білікті мамандардан тегін құқықтық көмек алуға мүмкіндігі бар. Қоғамның жоғары құқықтық мәдениеті сыбайлас жемқорлықты жою жолындағы негізгі міндеттердің бірі екенін түсіну маңызды, – деді Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының міндетін уақытша атқарушы Медет Әмралинов.

Павлодар облысының тұрғындары түрлі мәселелермен кездесуде. Мәселелер негізінен жер қатынастарына, мүгедектікке, салық аударымдарына, әлеуметтік қорғауға, сот актілерін орындауға, зейнетақы аударымдарына, ажырасу процестеріне, мүлікті бөлуге және т.б. қатысты болды.