Павлодар облысында суырларды аулау маусымы ашылды
Ол үшін рұқсат қағаздары болуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2024 жылғы 15 маусымнан бастап өңірдің бекітілген аңшылық шаруашылықтарында Байбақ суырларды аулаудың маусымы ашылады.
Аң аулау орындары – Ақтоғай ауданында орналасқан «Разумовское», «Ивановское», Екібастұз ауылдық аймағында «Екібастұз» және Баянауыл ауданында «Баянауыл», «Южное», «Ұзынбұлақ», «Жаңа жол».
– Тіршілік ету ортасындағы суырдың жалпы саны – 40237. 2024 жылға рұқсат етілген алу көлемі 1730 басты құрайды, – дейді инспекцияда.
Аңшының аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы, қару мен оның оқтарын сақтауға, алып жүруге рұқсат, аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт, жануарларды аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журналы), аңшылық жыртқыш құстармен аң аулау кезінде аңшылық жыртқыштың паспорты болуы тиіс.
Жолдамаларды сату Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 24,А мекенжайы бойынша «Павлодар аңшылар және балықшылар қоғамы» ҚБ арқылы жүзеге асырылады. Анықтама телефоны: 8/7182/61-91-48.