Павлодар облысында төрт адам қар құрсауынан құтқарылды

Медициналық көмек ешкімге қажет болмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«112» пультіне Жасыбай демалыс аймағынан 10 шақырым жерде жолаушылары бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, өз жолын жалғастыра алмағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген құтқарушылар төрт адам отырған көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірді.
ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.