Павлодар облысында тамыз-қыркүйек айларында өрт жиі тіркелген

Павлодар облысында тамыз-қыркүйек айларында өрт жиі тіркелген
Фото: Константин Шелков

Биыл өткен жылға қарағанда өрт саны артқан, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев мәлім етті. 

– 15 тамыз - 15 қыркүйек аралығында өрттің тоғыз фактісі анықталды. Былтырғы 2022-2023 жылғы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша, облыс аумағында тұрғын үй секторында 118 өрт болды. Ал 2021-2022 жылдары 127 факті анықталды. Бірақ бұл өрттердің саны біздің өңір үшін тым көп, – дейді Жасұлан Жұмашев. 

Оның айтуынша, 2022-23 жылғы орын алған өрт оқиғаларында тоғыз адам мерт болған. Оның үшеуі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. 2021-22 жылғы оқиғалар барысында да  тоғыз тұрғын бақилық болған. Бұл тізімде балалар жоқ. 

Облыстың бас құтқарушысы он өрттің сегізі төсекте темекі шегу салдарынан немесе пеште қалған тамақтан шыққан. Көп жағдайда ішімдік ішудің соңы қайғылы жағдайға әкеледі.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері жылыту маусымында өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін жалпы саны 11 мыңға жуық адамды қамтып, мыңға жуық тұрғын үйді аралады. Өрт қауіпсіздігін бұзудың 1658 фактісі анықталды.