Павлодар облысында тасымалдау бағытына қызмет көрсетуге конкурс жарияланды
Оған меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде көлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы республикаішілік жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бағытына қызмет көрсетуге конкурстың өтетінін хабарлайды. Конкурс 3 маусым күні сағат 11:00-де болады.
Конкурсқа келесі бағыттар шығарылады:
Лот № 1 Павлодар-Өскемен-Павлодар;
Лот № 2 Ертіс-Павлодар-Ертіс;
Лот № 3 Ақтоғай-Павлодар-Ақтоғай;
Лот № 4 Павлодар-Аққулы-Бесқарағай;
Лот № 5 Қалқаман-Павлодар-Қалқаман;
Лот № 6 Лесное-Павлодар-Лесное.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына құжаттар пакетін алуға өтінімді жазбаша ұсынады. Өтінімді Жеңіс алаңы 5 Б, мекенжайындағы 708 кабинетке немесе zholoman.dulat@pavlodar.gov.kz. электрондық пошта арқылы қалдыруға болады. 17 мамырда құжаттарды алуға өтінімдерді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні болып табылады. Ал 29 сәуірде сағат 15:00-де конкурстық комиссия конкурс алды конференция өткізеді.
Туындаған сұрақтар бойынша 32-72-07 телефоны арқылы жүгінуге болады.