Павлодарда блогерлер оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттады

Павлодарда блогерлер оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Балалар спорт түрлерімен айналысуға ниет білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Заң және тәртіп» баяндамасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратура қызметкерлері қала мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді.

– Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары, танымал блогерлер мен өңір спортшылары қатысып, өз үлгілері арқылы балаларға салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен айналысудың және заңдылықты сақтаудың маңыздылығын жеткізді. Прокурорлар кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартудың бар тәсілдері туралы айтып, құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары мен жауапкершілігін түсіндірді, – деді облыстық прокуратураның баспасөз орталығы.

Кездесу диалог форматында өтті: қатысушылар бір-біріне сұрақ қойып, өмірлік жағдайлар бойынша пікір алмасты. Іс-шара қорытындысы бойынша көптеген балалар Джиу-джитсу, Грепплинг және басқа да спорт түрлеріне қатысуға ниет білдірді.

Жалпы, прокурорлар мен спортшылармен өткен ашық диалог алаңына 300-ден астам оқушы белсенді қатысты.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, жастардың санасында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруда маңызды қадам болмақ.