Павлодар облысында тоғыз мұз өткелі ашылды
Оның төртеуі автокөліктер үшін, ал бесеуі жаяу жүргіншілерге арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, өткелдегі мұздың қалыңдығы 35 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді.
– Өңірдегі мұз жолдары негізінен мал азығы мен отын тасу үшін пайдаланылады, – дейді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қыдыржан Наскенов.
Май ауданында – Көктөбе мен Баскөлде, Аққулыдағы Ямышевта, Ертіс ауданында, Железинде – Башмачное мен Моисеевкада және аудандағы Жаңа қалада өткелдер жұмыс істеп тұр.
Келесі аптада Тереңкөл ауданында тағы төрт мұз өткелі ашылады. Олар қазіргі уақытта жабық, өйткені мұздың жылынуына байланысты шұңқырлар пайда болды.