Павлодар облысында туу көрсеткіші ең жоғары елді мекен аталды

Статистиктер 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өңірдегі демографиялық жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2025 жылғы 1 шілдеге Павлодар облысы халық саны 748203 адамды, соның ішінде қалалықтар –53 3997 адамды, ауылдықтар – 21 4206 адамды құрады.
Биылғы жылдың алты айында 4154 сәби дүниеге келді, 3379 адам дүниеден озды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 775 адамды құрады.
Туудың ең жоғары деңгейі Ақсу қаласында тіркелді. Ол жерде 1000 адамға шаққанда 13,50 көрсеткіші байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Ертіс ауданында – 1000 адамға шаққанда 12,69 жағдай тіркелді.
Сонымен қатар алты айында 1973 неке және 1263 ажырасу тіркелді. 2025 жылғы қаңтар-маусымда облысқа келгендер саны 4718 адамды, облыстан кеткендер саны –8308 адамды құрады. Осылайша теріс көші-қон айырымы тіркелді – 3590 адам.
Облысқа сыртқы көші-қон бойынша 452 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен – 311 адам, ал әлемнің басқа елдерінен 141 адам көшіп келді
Қазақстанның басқа өңірлерінен 4266 адам бізге көшіп келді, олардан 36,9% – Астана қаласынан,9,6% – Алматы қаласынан.
2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыстан республика шегіне 213 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 158 адам (94,9% Рессейге кетті), әлемнің басқа елдеріне 55 адам қоныс аударды (80%Германияға).
Қазақстанның басқа өңірлеріне 8095 адам көшіп кетті, олардан 55,8% – Астана қаласына, 10% –Алматы қаласына.