Алимент төлемеген павлодарлық баспанасыз қалды

Алимент төлемеген павлодарлық баспанасыз қалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әке балаларына төрт миллион теңгеден астам алимент қарыз болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының мәліметінше, жеке сот орындаушысы Саят Борашев кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент өндіру туралы атқару парағымен айналысқан.

Атқарушылық іс жүргізуді орындауды қамтамасыз ету мақсатында сот орындаушысы екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражатқа тыйым салу туралы қаулы шығарды, сонымен қатар жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарды.

Борышкердің банктік шоттарында қаражат болмаған, борышкер жұмыс істемеген, зейнетақы жарналары болмаған, жылжымайтын мүліктері тіркелмеген. Алайда, бір бөлмелі пәтер түріндегі жылжымалы мүлік тіркелген. Осыған байланысты сот орындаушысы жоғарыда аталған мүлікке өндіріп алу туралы арыз берді. Осылайша, аталған атқару өндірісі бойынша борышкермен 4 255 000 теңге алименттік қарыз толығымен өтелді.

Ведомство павлодарлықтарды балаларына алименттерді уақытылы төлеуге шақырады.