Павлодар облысында заңсыз қару сақтағандар тексеріледі

Павлодар облысында заңсыз қару сақтағандар тексеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде «Қару» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3-5 наурыз аралығында аймақта өтетін аталған шара заңсыз айналымнан қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тартып алуға, сондай-ақ ұрланған және жоғалған қаруды іздеу жөніндегі жұмыстарды жандандыруға бағытталған.  

Полиция шаруа және фермер қожалықтарын, айдау учаскелерін, автокөліктерді қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша тексеруді ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, атыс қаруын ерікті түрде тапсырған кезде қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген азамат кез келген полиция бөліміне жүгіне алады.