Павлодар облысында жолаушылар тасымалдау маршруттарына конкурс жарияланды

Павлодар облысында жолаушылар тасымалдау маршруттарына конкурс жарияланды
Фото: pexels.com / Sultan Raimosan

Көлік компаниялары мен жеке тасымалдаушылар жолаушылар мен багажды тасымалдау құқығына ие болу үшін байқауға қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастырады. 

Конкурс 4 сәуір күні сағат 15:00-де Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б мекенжайында өтеді. 

Байқауға алты бағыттағы маршруттар шығарылған: Павлодар – Өскемен – Павлодар, Ертіс – Павлодар – Ертіс, Ақтоғай – Павлодар – Ақтоғай, Церковное – Павлодар – Церковное, Майқайың – Екібастұз – Майқайың және Галкино – Павлодар – Галкино.

– Меншік түріне қарамастан, көлік құралдарына меншік құқығы бар немесе оларды заңды негізде пайдаланатын кез келген жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатыса алады. Өтінім беру үшін үміткерлер облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (Жеңіс алаңы көшесі, 5Б, 708-кабинет) немесе kabish.dayana@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына жазбаша өтініш жіберуі қажет. Өтініштерді қабылдау мерзімі 19 наурыз күні сағат 18:30-ға дейін, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 25 ақпанда сағат 15:00-де конкурсты өткізу мәселелері бойынша алдын ала конференция өтеді. Қосымша ақпаратты +7(7182)32-72-07 телефоны арқылы алуға болады.