Павлодар облысында жұмыртқа қымбаттап, сәбіз арзандаған

Павлодар облысында жұмыртқа қымбаттап, сәбіз арзандаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстық статистика департаменті 2024 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексін жариялады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Азық-түлік тауарлары тобында жұмыртқа бағасы – 16,6%-ға, май және тоң май – 1,7%-ға, сүт өнімдері – 0,6%-ға, балық және теңіз өнімдері  0,4%-ға қымбаттаған. 

Көкөністер мен жемістерден сәбіз бағасы – 27,5%-ға,  қауынды қырыққабат – 19,6%-ға, картоп – 19,3%-ға, ақ пияз – 15,9%- ға, алма   0,8%-ға арзандаған.

Азық-түлік емес тауарлардың бағасы бойынша зергерлік бұйымдар және сағаттар – 1,8%-ға, автомобильдер – 1,7%-ға, киім және аяқкиім – 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер 0,2%-ға өсті.

Ақылы қызметтер бойынша электр энергиясы – 9,9%-ға, білім беру қызметтері – 6%-ға қымбаттаған.