Павлодар облысында жаңа бас ветеринар тағайындалды

Ол өмірінің жартысына жуығын мамандығына арнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
5 мамырда Асылтас Тілеубаев жаңа қызметке – Павлодар облысының ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жалпы еңбек өтілі 16 жыл, оның11 жылын мемлекеттік қызметке арнаған.
Ол 1988 жылы 27 қазанда Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агроөнеркәсіптік университетін ветеринарлық санитария мамандығы бойынша тәмамдады. Төрт жыл бұрын Торайғыров атындағы университетте мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша білім алдым.
Еңбек жолын 20 жасында Астана қаласындағы «Жастар» мемлекеттік бюджеттік мекеме сарайының басқарушысы болып бастаған.
2011 жылы Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округінде бас ветеринарлық инспектор болып жұмыс істеді. Бір жылдан кейін облыс орталығына ауысып, ветеринария бөлімінің бас маманы, кейін басшының орынбасары болды. 2021 жалдан бері ветеринария басқармасында қызмет атқара бастады.