Павлодар облысында жасөспірім суға батып кетті

Оның денесі суару арнасында табылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 маусым күні сағат 17:00-де Ақкөл ауылында Екібастұз қаласы ТЖ бөлімінің құтқарушылары жасанды каналда сүңгуірлік-іздестіру жұмысын жүргізу барысында 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесін тапты. Куәгерлердің айтуынша, тыйым салынған жерде шомылған.
– Хабарлама сағат 15:40-та келіп түсті. Жағдайдың мән-жайы анықталуда, – деді департаментте.
Павлодар облысы ТЖД тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және шомылуға тыйым салынған су айдындарында суға түспеуді ескертеді.