Павлодар облысында жас кәсіпкерлер бағалы сыйлықтар ұта алады

Павлодар облысында жас кәсіпкерлер бағалы сыйлықтар ұта алады
Фото: pexels.com

Ол үшін байқауда жоба қорғау қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Yoproject» стартап конкурсына өтінімдер қабылдау басталғанын мәлім етті. Байқауға 14 жастан 35 жасқа дейін жастар қатыса алады. Қатысушыларға бір ғана жобаны қорғау мүмкінідігі ұсынылады. Ұйымдастырушылар жаңа тәсілдер мен шешімдерді қамтитын инновациялылығы, нақты жоспар мен оны жүзеге асыру мүмкіндігі бар, ұзақ мерзімді даму перспективасы жоғары жобаларды іріктейді.

– Өз стартапыңды дамытқың келе ме? «Yoproject» байқауы – сенің мүмкіндігің. Үш үздік жоба бағалы сыйлықтармен марапатталады, – делінген хабарламада. 

Өтінім 7 қазаннан 1 қарашаға дейін қабылданады. Толығырақ ақпаратты +7 (771)130-32-73 алуға болады.