Ертіс-Успен каналын аяқтау үшін қандай шара қолданылуда?

Жобаның кешігуінің себебі – қаржыландырудың қысқаруы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитовтың айтуынша, қазіргі таңда Ертіс-Успен каналы жартылай жұмыс істеп тұр, яғни алты аванкамерадан тек үшеуі ғана іске қосылған. Демек, жалпы ауданы 2,2 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер өз жерлерін тек үшінші аванкамерасына дейін суара алады
– Өкінішке орай, 4,5,6-ға дейінгі камералар жұмыс істемейді. Нақты себебі әзірге белгісіз: жобада қателер болды ма немесе жерасты суларының жемірлігінен бе, каналдағы кейбір плиталар шөге бастады. Қазір жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін тұрмыстық тас пайдаланылады, – деп түсіндірді басшы.
«ҚазСуШар» серіктестігіне бөлінген 600 миллион теңгенің он пайызын қысқартты, сол себепті қазір қаржы жеткіліксіз, соған сәйкес жоба кешіктіріліп жатыр.
Мердігер алдағы вегетация маусымына дейін арнаны толық көлемде іске қосуға міндеттеледі. Канал іске қосылғаннан кейін каналдың бойында он мың гектар жерінде жұмыстар басталады.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Павлодар ауданына барып, көктемгі егіс жұмыстарының ағымдағы жағдайымен, инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылуымен танысты, сондай-ақ фермерлермен кездесті.