Павлодар облысында жемқорларды ұстауға жәрдемдескен тұрғындар млн теңге сыйақы алды

Павлодар облысында жемқорларды ұстауға жәрдемдескен тұрғындар млн теңге сыйақы алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бес адам пара беру туралы хабарлап, қылмыстық істердің қозғалуына себепкер болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Медет Амралинов мәлімдеді.

– Биыл бес адам департаментке келіп, пара алу фактінің болғаны туралы хабарлаған. Оларға сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ашуға жәрдемдескені үшін бір миллион теңгеден астам төленді. Бүгінде жүргізіліп жатқан іс бойынша сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін тағы бір адамды көтермелеу жоспарлануда, – деп атап өтті Медет Амралинов.

Оның сөзінше, бес адам Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің бастығына, Ақсу учаскелік инспекторына, облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің маманына, Павлодар қаласы оңтүстік полиция бөлімінің жедел уәкіліне, Қазпошта филиалы директорының орынбасарына қатысты қылмыстық істердің қозғалуына себепкер болған.

Айта кету керек, ақшалай көтермелеу егер адам ұсынған ақпарат шындыққа сәйкес келсе не болмаса адам көрсеткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жәрдемдесу, құқық бұзушылықты анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге және кінәлі адамға қатысты әсер еткен жағдайда беріледі.