Павлодар облысында балық өсіру үшін қанша қаражат бөлінуде?
Мемлекеттік бюджеттен берілген қаражат игерілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтай мәлім етті.
– Биыл балық өсруге кеңінен көңіл бөлініп жатыр. Мемлекеттік және жергілікті бюджет есебінен шамамен 39 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат субсидияларға бөлінді. Бұгінде балық өсіруді алты шаруа қолына алды,– дейді Нұржан Қазтай.
Спикердің мәліметінше, балық өсірумен айналысатын 20-ға жуық шаруашылық бар. 2021 жылдан бастап конкурс өткізу арқылы субсидиялар бөлінеді. Балық өсіру үшін шаруашылыққа 10 жылдан 49 жылға дейінгі уақыт мерзімі беріледі.
Айта кету керек, осы жылғы табиғи тіршілік ету ортасына 8 шаруашылық арқылы 47 735 дана тұқы тұқымы жіберілді.