Павлодар облысында жол апатында төрт адам көз жұмды

Павлодар облысында жол апатында төрт адам көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуірде Баянауыл ауданының Бірлік ауылының маңында Қалқаман-Керней автожолының 250-ші шақырымында «Pontiac» және «Lada Granta» автомобильдері соқтығысқан. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, автомобильдердің бірі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. 

– Салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да, оның ішінде жас бала да сол жерде қайтыс болды, – деп хабарлады департаментте. 

Әртүрлі жарақаттары бар бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.