Павлодар облысында ірі есірткі зертхана әшкереленді
Қазірде қылмыстық тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 30 шілдеде Павлодар облысы аумағында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою бойынша операцияны жүзеге асырылды. ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында психотроптық заттарды әзірлеу үшін және оны одан әрі ТМД елдерінде сату мақсатымен Қазақстанға келген шетелдік азаматтарды анықтады.
– Тінту барысында 100 келіге жуық «а-PVP» психотроптық заты, прекурсорлар, сонымен қатар синтетикалық есірткі өндірісіне арналған заманауи құрылығы табылып, тәркіленді. Цех 0.5 гектар аумақты алатын жерде орналасқан, – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Фото: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті