Павлодардағы «Зеленая роща» демалыс орнында шаңғы базасының жөнделуі басталады

Павлодардағы «Зеленая роща» демалыс орнында шаңғы базасының жөнделуі басталады
Фото: Константин Шелков

Жергілікті спортшылар шаңғы базасын жаңартуды өтінген еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Павлодар облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов  мәлім етті.

– Спортшылардың өтінішімен «Зеленая роща» демалыс орнында шаңғы базасын салу жоспарланған еді. Бүгінгі байқау бойынша бұл спорттық маңызы бар кешенді жөндейтін мердігер анықталды, –  дейді қала әкімі. 

Бұл шаңғы базасын «Қазақстан Электро Комплекс» ұйымы жаңартатын болады. Қала әкімі мердігерден шаңғы базаның жөндеуін  жеті  ай уақыт аралығында аяқтауды сұраған. 

Алайда Асайын Байханов аталған уақыт көлемі ұзақ екенін ескеріп, жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Еске сала кетейік, жылдың соңына дейін облысымызда 14 спорттық кешен салынатын болады.