Павлодар облысында қала халқының саны азаюы мүмкін

Павлодар облысында қала халқының саны азаюы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ЕРДО сарапшыларының пікірінше, 2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының үлесі 70 пайызды құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжау және зерттеу департаментінің сарапшылары туу, өлім және көші-қон көрсеткіштері негізінде демографиялық болжам дайындады. Талдауға сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанның қала халқының саны 13% -ға артып, 14 млн адамға жетеді, ал 2050 жылға қарай 57% - ға өсіп, 19,3 миллионды құрайды. Сонымен бірге, 2030 жылға қарай ауыл халқының саны тек 1%-ға, 7,7 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай-шамамен 9%-ға, 8,2 млн адамға дейін өседі.

ЕРДО болжау және зерттеу департаментінің директоры Дмитрий Шумеков демографиялық болжамның қалай қалыптасатынын егжей-тегжейлі айтып берді.

Болжам бойынша, қала халқының саны 2030 жылға қарай базалық сценарий кезінде Астана қаласында – 538,3 мың адамға немесе 39%-ға, 1,9 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 469,3 мың адамға немесе 21% - ға, 2 млн 664 мың адамға дейін, Шымкент қаласында –209,6 мың адамға немесе 17% - ға өседі, нәтижесінде 1 млн 416 мың адамға жетеді. Бұл ретте үш мегаполистің халқы қала халқының жалпы санының 43%-ын құрайтын болады, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 51%-ға дейін ұлғаяды.

– Бұдан басқа, өңірлік бөліністе қала халқы Маңғыстау облысында – 79,2 мың адамға, Ақтөбе облысында – 70,3 мың адамға, Түркістанда 62,4 мың адамға өседі. Бұл ретте Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қала халқының саны азаюы мүмкін, – дейді Дмитрий Шумеков.

2050 жылға қарай ЕРДО талдаушыларының есептеулеріне сәйкес болжамның базалық нұсқасы кезінде Маңғыстау облысы мегаполистерді есептемегенде қала халқының өсуі бойынша көшбасшы болады. Өңір қалаларында 736,6 мың адам тұрады, бұл  -  2023 жылмен салыстырғанда 384 мыңға немесе 2,1 есе көп. Түркістан облысында өсім 355 мың адамды құрайды, бұл 878,7 мың адамға дейін, яғни 1,7 есе өсуге сәйкес келеді. Қала тұрғындары санының азаюы Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында болжанады, тиісінше 7%, 6% және 5% - ға қысқарады.