Павлодар облысында қандай тауарлар үшін кедендік төлем жасамауға болады?

Павлодар облысында қандай тауарлар үшін кедендік төлем жасамауға болады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеден заңнамасында шектеулер мен тыйым салулар бойынша өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 6 қазаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі «Жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын тауарлар санаттарының тізбесіне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың тізіміне өзгерістер енгізілгенін еске салады.

30 кВт дейінгі жылыту қазандықтарды, ыдыс жуатын машиналар, мүгедектерді көтеруге және жылжытуға арналған мобильді жабдық, 10 кВт аспайтын қартазалағыштар, 100 жұмыртқаға дейін тұрмыстық инкубаторларды және басқа тауарларды кедендік төлемдерді төлемей жеке пайдалануға әкелуге болады.