Павлодар облысында қанша тұрғын жер телімін алу үшін кезекте тұр?
Жер учаскелерін тарату кезінде кезекте тұрғандарға басымдық беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов мәлім етті.
–Халықтың жерге деген сұранысы көбеюде. Павлодарда қаласының өсіп, кеңеюі жағдайды қиындатып отыр. Қаланы жан-жақтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қоршап тұр. Адамдар өз денсаулығына және қоршаған ортаға көбірек алаңдай бастағандықтан, қаланы кеңейту қиынға соғуда. Сондықтан жер телімді алу үшін кезек осындай ұзын болып отыр, –дейді Мұрат Хамитов.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға бөлінген алаңдардың дайындығы және кезектілік тізімдері туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар дайындайды. Жер телімін алу үшін 50 мың тұрғын кезекте тұр. Биыл 200 адам құрылысқа жер алды. Бұл жоспардан 54 адамға артық.
– Облыста тұрғын үй салуға жер қажет азаматтарды есепке алу Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Баянауыл және Павлодар аудандарының әкімдіктерінде жүргізіледі. Облыстың 50 мыңнан астам тұрғыны жер телімдерін алу кезегінде тұр,– дейді спикер.
2023 жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша жалпы ауданы 336 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 898 учаске берілді. Оның ішінде жер пайдаланушылардың ерікті түрде бас тартуына немесе жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты бұрын мемлекеттік меншікке қайтарылған 83 мың гектар жер тартылды.
Айта кету керек, қалаларда коммерциялық объектілерге жер беру үшін арнайы платформада электронды аукциондар қолданылады.