Павлодар облысында қант тапшылығы қайталануы мүмкін бе?
Қант өңірімізде өндірілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естеріңізде болса, құмшекер бағасы былтыр 700, тіпті 1 000 теңгеге дейін жеткен болатын.
Биыл мұндай жағдай қайталанбайды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Марат Ақтаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде осылай деп мәлімдеді.
- Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қажетті қоры бар. Бұл мәселе бақылауда. Сондықтан, қымбатшылық болмайды деп ойлаймын, - деді Марат Ақтаев.
Сонымен бірге баспасөз мәслихаты кезінде басқарма және фермерлер арасындағы төмендетілген бағамен картоп пен сәбіз сатып алу бойынша меморандумның мерзімі аяқталатыны белгілі болды. Алайда бұл жолы да Марат Ақтаев болашаққа нық сеніммен қарайды: көкөніс тапшылығы және қымбаттауы күтілмейді – қорда көкөніс бар. Оған қоса жазда әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы көкөністің келесі легін сатып алмақ ниетте.
Облыс дәстүрлі түрде әкелінетін күріш, қант, тұзды қоспағанда, жергілікті өндірілген негізгі азық-түлікпен 80% қамтамасыз етілген. Өңірімізде қажеттілік деңгейінен 11 есе артық картоп және 10 есе артық сәбіз өндіріледі.
Фото: Константин Шелков