Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен қария іздестіріліп жатыр

Павлодарда хабар-ошарсыз кеткен қария іздестіріліп жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еріктілер мен туыстары бейнебақылау камераларын қарап, іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«VITA» іздеушілер жасағының мәліметінше, 17 тамыз күні жоғалып кеткен 66 жастағы Николай Литвин есімді азамат іздестіріліп жатыр. Ол сағат 17:30 шамасында Астана көшесі, 7 мекенжайынан шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Белгілері:

  • бойы: 165-170 сантиметр;
  • көзі: сұр түсті;
  • шашы: ақ шашты;
  • ерекшеліктері: нашар сөйлейді, ақсақ, жартылай бүгіліп жүреді, белі бүкіш. Көзілдірік тағады;
  • киімдері: қара сұр спорттық костюм, қою жасыл футболка, қара түсті мокасин.

Еріктілер мен туыстары қазіргі уақытта қарияның жүріп-тұрған бағытын анықтау үшін бейнебақылау камераларын қарап, қаланың аулалары мен көшелерін аралауда.

– Қала тұрғындарынан аса мұқият болуды сұраймыз. Егер қарияны көрсеңіздер, немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер, дереу келесі нөмірлерге хабарласыңыз: +7 (747) 615-55-63 (Катерина), +7 (777) 334-82-01 (Светлана), – деді еріктілер.

Сіздің әрбір қоңырауыңыз бен маңызды ақпаратыңыз қарияны аман-есен үйіне қайтаруға көмектеседі.