Павлодар облысында қыркүйек айында үсік күтіледі
Орташа температура +11,6...+12,9С болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы түнде +1...+6°С, ал солтүстігінде 2°С-тан +6...+11°С-қа дейін түссе, күндіз +9...+14°С-тан +14...+19°С-қа дейін, оңтүстікте +23°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда.
Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 0...+5°С-қа, солтүстігінде 3°С-қа дейін түседі, ал күндіз +8...+13°С-ты көрсетеді.
Үшінші онкүндікте түнде жердің бетін үсік шалып, сынап бағанасы 1°С-қа дейін түседі. Күндіз ауа температурасы +19...+24°С-тан +12...+17°С-қа дейін көтеріледі.
Бір айдағы жауын-шашын мөлшері шамамен нормаға жақын болады деп күтіледі (норма: 18-26 мм).
Қыркүйек айында жаңбыр көп жауады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Айдың ортасында тұман болуы мүмкін.