Павлодар облысында қызылша жұқтырған балалардың 90% – вакцина алмаған
Ақ желеңділер қызылшаға қарсы екпе алуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, көшпелі егу бригадалары қосымша жаппай иммундауды үйлерге, балабақшаларға, жергілікті жерлердегі егу кабинеттеріне барып жүргізеді.
– 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Төрт санат қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға жатады: 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар, 2-4 жастағы балалар мен медицина қызметкерлері, – деді департаментте.
Өңірде қызылшамен сырқаттанушылықтың 84,1%-ға өсуі байқалады.
Тек қараша айында қызылшаның 170 жағдайы, ал желтоқсанда 313 жағдай тіркелді. Күн сайын облыстың балалар стационарларына 5 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы қызылша белгілері бар балалар түседі, олардың 90%-ы – вакцина алмағандар.
Облыстың алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары меншік нысанына қарамастан, 2023 жылғы 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. 2023 жылғы 31 желтоқсан және 2024 жылғы 1 қаңтар – демалыс күндері. 2024 жылғы 2 қаңтардан бастап одан әрі жұмысын жалғастырады.
Балалар мен 30 жасқа дейінгі ересек тұрғындарды емханаларға қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундауға шақырады.