Павлодар облысында қомақты сомаға жалған шот-фактуралар жазған алаяқ іздестірілуде
Ол 590 миллион теңгеден астам салық төлемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша 8 желтоқсанда 1992 жылы туған Юлия Шахметова іздеуге жарияланған.
Ол жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден астам сомаға жалған шот-фактураларды жазып берген нәтижесінде 590 миллион теңгеден астам салықтың төленбеуіне әкеп соқты.
Департамент тұрғындардан іздеуде жүрген әйел туралы хабар білсе, кезекші бөлім 8 (7182) 61-33-05 немес 8-701-451-12-22 телефон нөмірлеріне, не болмаса Call орталықпен 1458 байланысып, ақпарат айтуды сұрайды. Мәлімет үшін сыйақы және анонимділікке кепілдік беріледі.