Павлодар облысында құтқарушылар көлікте қалған үш адамды алып шықты

Павлодар облысында құтқарушылар көлікте қалған үш адамды алып шықты
Фото: Аққулы ауданы ТЖ бөлімі

Жол апаты Омбы - Майқапшағай автожолында орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аққулы ауданы ТЖ бөлімінің мәліметінше, № 18-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары жол-көлік оқиғасында  құтқару жұмыстарын жүргізді.

– Аққулы ауылының маңында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Гидравликалық құралдың көмегімен бұзылған көліктен үш адам босатылып, дәрігерлерге тапсырылды, – дейді бөлімде.

Оқиға орнында Аққулы ауданы гарнизонының жеке құрамынан алты адам және бір техника жұмыс істеді.

Құтқарушылар жүргізушілерден үйде отбасы мен жақындары күтіп отырғандығын естен шығармауға шақырып, сақтық шаралары туралы ескертеді. 

Еске сала кетейік, төтенше жағдайға тап болғанда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу  тегін.