Павлодар облысында әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қорғайтын уәкіл тағайындалды

Бұл қоғамдық лауазым алғаш рет енгізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, Асайын Байхановтың өкімімен Серік Джартыбаев Павлодар облысының халқының әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.
Серік Тлеуханұлы 1981 жылы 10 шілдеде Семей облысы Т.Шаған кентінде дүниеге келген. Оның жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 2003 жылы Павлодар ауданының Розовка орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ал 2023 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы қызметін атқарады.
Уәкілетті тұлғаның негізгі міндеттері мен функцияларына халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, әлеуметтік осал азаматтарға кеңес өткізу және құқықтық көмек көрсету жатады. Сондай-ақ, ол әлеуметтік осал азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тиіс.