Павлодар облысындағы Ақкөл ауылы мерейтойын атап өтті

Павлодар облысындағы Ақкөл ауылы мерейтойын атап өтті
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Ақкөлдіктерді аймақ басшысы Асайын Байханов жеке құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі өз сөзінде ауылдық аумақтарды сақтау мен дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Әйгілі Ақкөл-Жайылма – Мәшһүр Жүсіптің ұстазы – Исабек ишанның шағын отаны. Бұл жер туған жерімізге көптеген атақты тұлғаларды сыйлады. Бүгінде Ақкөл қарқынды дамып келеді: бес негізгі көше жөнделді, ауылмен көптен бері шешілмей келе жатқан коммуникация мәселесі шешілді. ГРЭС – Басқамыс тас жолы жөнделді, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына оң әсерін тигізді, қолайлылық туғызды, – деді Асайын Байханов.

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Ерлан Қабылтаевтың айтуынша, бұдан бөлек екі көше толықтай жарықтандырылып, екі жаңа ойын алаңы салынып, осынша футбол алаңы қалпына келтірілген. Мереке құрметіне 48 киіз үй тігілді.

Бұған жергілікті тұрғындардың өзі де риза. Ақкөлдің тумасы Бөкен Қызғарин мойындағандай, ауыл жақсы жаққа өзгерді. Зейнеткер Ақмола облысында тұрады, бірақ үнемі туған ауылына келеді. Мұнда 1973 жылы мал шаруашылығындағы жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Бөкен Қызғарин қатардағы шопаннан Өлеңті селолық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасына дейінгі жолды өтті.

Тағы бір еңбек сіңірген қайраткер Қайырбай Зәкенов облыс басшылығына және Ақкөл ауылдық округі қарайтын Екібастұз қаласына алғысын білдірді.

Мерекеге орай ауылда спорттық жарыстар ұйымдастырылып, тәттілер әзірленді. Көрермендер алдында облыстың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетсе, Екібастұз тарихи-өлкетану музейі өлке тарихынан сыр шертетін экспозицияны ұсынды.