Павлодар облысының әкімі аудандардағы масаға қарсы өңдеу жұмыстарын тексерді

Павлодар облысының әкімі аудандардағы масаға қарсы өңдеу жұмыстарын тексерді

Бүгін облыс әкімі Асайын Байханов облыс орталығы, Ақсу қаласы және Ақтоғай және Тереңкөл аудандары маңындағы жайылма аумақтарын әуеден тексеріп өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ертіс өзенінің жайылмасына табиғатты қорғау мақсатында жіберілген судың көлемі 4,11 млрд текшені құрады. 

- Бұл жайылманың 40%, Павлодардың солтүстігіндегі массивтерді  60%-ға дейін су басуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл қансорғыштардың көбеюі үшін қолайлы жағдай туғызады, сондықтан, облыстың бірқатар аудандарында шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялық науқан басталды, - деді баспасөз қызметінде.

Ақтоғай және Тереңкөл аудандарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұнда 33,5 мың га жайылма аумағы әуеден өңделетін болады. Ұшу санын есептеу және препараттарды қолдану ғылыми топтың сүйемелдеуімен жүргізілуде.

Ақтоғай ауданында биологиялық препаратпен әуеден өңдеу бойынша 32 ұшу жоспарланған. Өңдеу 6 мамырда басталды. Бүгінгі таңда 6,5 мың га жайылма өңделді. Бұған қосымша жағалау сызығының шеттері жаяу өңделеді. Осындай жұмыстар Тереңкөлде де жүргізілуде, онда 6 мың га жайылма аумағы өңделді. Барлығы 28 рет әуеге көтерілу жоспарланған.

Фото: Валерий Бугаев