Павлодар облысының әкімі балаларға жылулық сыйлауға шақырады

Павлодар облысының әкімі балаларға жылулық сыйлауға шақырады
Фото: pixabay.com

Ересек адаммен сенімді қарым-қатынас моральдік тұрғыдан қолдау көрсетеді және жетім балалардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Асайын Байханов аймақ тұрғындарын бірігіп, балаларға жылулық сыйлауға шақырады. 

Жақында белгілі болған балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары қоғамды дүр сілкіндірді. Мұндай жаңалықтар жүрекке ауыр тиіп, наразылық тудырады. Ондай жағдайларға жол бермеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар түрлі шаралар қабылдауда. Алайда, бұл жүйеден тыс не істеуге болатындығы туралы ойлануға мәжбүр етті. Балаларды қалай қорғауға және оларға негізгі құндылықтарды қалай үйретуге болады? – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында. 

Аймақ басшысы балалармен жұмыс істеудің және оларға қолдау көрсетудің жарқын мысалдарының бірі ретінде «Дара» қорының қолдауымен өңірдегі «Үміт үзбеу» ҚҚ іске асыратын «Тәлімгерлер» жобасы болып табылатынын атап өтті.

Жоба аясында ересектер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық танытып, өздерінің тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі, әлеуетін ашуға және тәуелсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Жоба туралы толығырақ @umituzbeu парақшасынан білуге болады.