Павлодар облысының әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады
23 маусым - мемлекеттік қызметкерлер күні, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Бүгінде мемлекеттік аппарат жаңа жағдайларда жұмыс істеуде және өте маңызды жұмыс тәжірибесін жинауда: бір уақытта өзекті мәселелерді шеше отырып, барлық салаларда реформаларды жүзеге асыруда,– дейді Асайын Байханов.
Біздің облыста мемлекеттік қызметте 2000-нан астам адам қызмет етеді. Олар өңірде әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды іске асырады, азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін басқарушылық шешімдер қабылдайды.
Облыс әкімінің айтуынша, мемлекеттік қызметкер болу - бұл мамандық емес, міндет те емес. Бұл жауапкершілікке, адалдыққа және қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысқа негізделген қызмет.
– Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, кәсіби ынта-жігер мен жаңа табыстар тілеймін, – дейді өңір басшысы.
Сонымен қатар, билікке деген сенім мемлекеттік қызметкерден басталатынын, сондықтан, жұмысты адал атқару қажет екенін атап өтті.