Ақсу ауылдық аймағының тұрғыны жарықтың жиі өшуіне шағымданды
Асайын Байханов жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындары аймақ басшысына электрмен және сумен жабдықтау, жер учаскелерін бөлу, ауыл шаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және т. б. мәселелер бойынша жүгінді.
Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Сарышығанақ ауылының тұрғыны қолайсыз ауа райы кезінде электр қуатының жиі өшуіне және интернеттің әлсіз ұстауына шағымданды. «ПЭТК» АҚ ақпараты бойынша 2025 жылы осы елді мекенге тартылған 27 шақырым тозығы жеткен желілерді ауыстыру жоспарланған. Бұл жұмыстар аталмыш мәселені түбегейлі шешуге мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін табады. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2025 жылы өңірдің 84 ауылында, соның ішінде Сарышығанақта кең жолақты талшықты-оптикалық байланыс желісін салу көзделген.
Тұрғындардың барлық өтініштеріне тиісті түсініктемелер берілді. Естеріңізге сала кетейік, аймақ тұрғындары жеке қабылдауға E-gov, E-otinish.kz және WhatsApp: +77021661661 желісі арқылы жазыла алады.
Фото: Валерий Бугаев